Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа жылдан бастап құжат алу қанша тұрады

Жарияланған күні:

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда құжат алу қанша теңге тұратынын KAZ.NUR.KZ порталы электронды үкімет сайтына сілтеме жасап анықтады.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Елімізде құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек екендігі белгілі, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты.

2020 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгенң құрады.

  1. Қаңтар айынан бастап паспорт алу қызметінің құны – 8 АЕК немесе 21 208 теңге.

Қазақстан азаматының паспорты азаматтардың тілегі бойынша, жасына қарамай беріледі және ол иесінің ҚР аумағынан тыс жерге баруы кезінде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.

  1. Елімізде туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.

3. Жеке куәлік алу қызметінің құны – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.

Құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін барады.

Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.

Қазақстан азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан беріледі және республиканың аумағында қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының азаматына жеке куәлік он жыл мерзімге беріледі

Электронды үкімет сайтында жазылған ақпаратқа сәйкес, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алу қарастырылған.

Осы жылы жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге болып белгіленді.

Еске сала кетсек, жаңа жылдан бастап мас күйінде жол апатын жасағандар он жылға сотталуы мүмкін.

Сондай-ақ, енді кімдерге кредит берілмейтіні де белгілі болды.

Осыған дейін 2020 жылдың қаңтарынан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы, микроқаржылық қызмет пен салық салуды реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң күшіне енді.

Жаңа жылдан бастап жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері өсті.

Айыппұлдар сомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тікелей байланысты. Осы орайда Нұрфин жобасы жүргізушілерді, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларын жаңартылған айыппұл сомаларымен таныстыруды жөн көрді.

Елімізде 2020 жылдан бастап 347 мың отбасыға жәрдемақының жаңа түрі беріледі. Бұл туралы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835075-elimizde-zaa-zyldan-bastap-zeke-kulik-pasport-zrgizusi-kuligi-kansa-trady/