Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Доктор Бро" стоматологиясында тағы бір бала анафилактикалық шок алған

Жарияланған күні:

Елордадағы "Доктор Бро" стоматологиясында күні кеше екі жасар қыз комаға түсіп қалды. Белгігі болғандай, бұл астанадағы тіс емханасында балаларға қатысты тіркелген алғашқы жағдай емес. Осыған дейін клиникада тағы екі бүлдіршін аллергиялық реакция алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Клиникада аллергиялық шок реакциясына байланысты оқиғалар 2018 және 2019 жылы тіркелген. Балаларға тыйым салынған препараттар қолданған қос жағдайда да олардың аллергиялық жағдайын тоқтату мүмкін болған.

Артынша материалдар полицияға жолданғанымен, сотқа жетпепті. Сондықтан клиника жұмысын жалғастыра берген көрінеді.

Редакциямызға хабарласқан азамат баласын "Доктор Бро" клиникасына апарғанда қандай жағдайға тап болғанын айтып берді.

"Бір жыл бұрын балам "Доктор Бро" клиникасында анафилактикалық шок алды. Оған Севоранның орнына жергілікті анестетик Убистезин салды.
Одан бөлек, баланың ауыз қуысында химиялық күйік пайда болды. Ол дұрыс тамақтана алмағандықтан, бірнеше күн тек сүт беріп жүрдік.
Ем қабылдаған уақытта ол екі жаста еді. Ал Убистезин тек 4 жастан асқан балаларға ғана рұқсат етіледі. Алғашқыда стоматолог жергілікті анестетик салатынын айтқан жоқ. Қайта баламыз 40 минуттан кейін есін жиды", -дейді Роман.

Балақайдың әкесі ұсынған құжатқа сәйкес, ол клиника дәрігерлерінен тек ақша өндіріп ала алған.

Айта кетейік, астанада екі жасар қыз комаға түскен стоматология жабылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835405-doktor-bro-stomatologiasynda-tagy-bir-bala-anafilaktikalyk-sok-algany-anyktaldy/