Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерге Иранның зымыраны тиюі мүмкін
Жарияланған күні:
АҚШ пен Ирак барлау қызметінің өкілдері сәрсенбі күні Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерді Иранның зениттік зымыран жүйелері қателесіп атып жіберуі мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл ақпаратпен Newsweek журналы үш дереккөзге сілтеме жасай отырып бөлісті.
Пентагон өкілінің айтуынша, америкалық барлау қызметінің тәжірбиелі қызметкері және Ирак барлау қызметінің өкілі ирандық зениттік зымыран жүйелерінің кездейсоқ жұмыс істегенін жеткізген.
Олар америкалық әскер орналасқан Ирактағы базаны бірнеше сағат бұрынғы шабуылдағанға байланысты белсенді болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.
Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.
Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті. Оның айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.
Кеше, 9 қаңтарда Иран украиналық ұшақ апатына қатысты зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады. Жергілікті Азаматтық авиация ұйымының есебінде Boeing ұшағының жерге соқтығыспай тұрып, өртенгені айтылған.
"Куәгерлердің хабарлауынша, өрт ұшақтан шыққан және фюзеляжға тараған", - делінген құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835449-tegeranda-apatka-syragan-ukrainalyk-lajnerge-iranny-zymyrany-tiui-mmkin/