Өте қарапайым өмір сүретін әйгілі миллионерлер кімдер
Жарияланған күні:
Әлемге әйгілі миллионерлер де кәдуілгі адам секілді өмір сүреді. Олар құр мақтан үшін қымбат киім киіп, мейрамханалардан тамақтанбайды. Әрбір тапқан тиынын есеппен жұмсап, үнемдейді. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Sm.news порталына сілтеме жасай отырып, ең қарапайым өмір сүретін ауқатты адамдарды назарыңызға ұсынады.
Билл Гейтс
Билл Гейтс Кока кола сусынынсыз бір күнін өткізбейді. Ол тәулігіне бес құтыға дейін ішіп тауысады.
Джефф Безос
Ол әлемдегі ең ірі Amazon интернет дүкенінің негізін қалаған. Джефф Безос жас ғалымдар мен өнертапқыштардың жобаларына миллиондар салып, инвестиция құяды.
Сергей Брин
Google компаниясының негізін қалаушы Сергей Брин киімді қарапайым дүкендерден ең төмен бағалармен сатып алады.
Марк Цукерберг
Facebook желісінің арқасында қаншалықты табысты болғанымен Цукерберг колледжді жаңа ғана бітірген, қалтасында көк тиыны жоқ адам секілді жүреді.
Тим Кук
Apple басшысы ұйқысынан 3:45-те оянып, электрондық хаттарға жауап береді. Содан кейін жаттығу залында жаттығады, таңғы асын ішіп, жұмысына барады.
Джек Ма
Джек Ма Alilaba интернет дүкенінің негізін қалаған. Оның нарықтағы құны 231 миллиард доллар. Осыншалықты байлығына қарамастан Джек түскі асқа жақын жердегі дәмханаға барып, тек кеспе жейді.
Еске сала кетсек, күні кеше тағы бір миллиардер Илон Масктың алтыншы рет әке атанғалы жатқаны хабарланған. Қуанышты жаңалықпен оның сүйіктісі Граймс бөліскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835554-te-karapajym-mir-sretin-jgili-millionerler-kimder/