Балаға қандай сөздерді айтуға болмайды
Жарияланған күні:
Әр ата-ана баласын шексіз жақсы көреді, оның болашағы үшін алаңдайды, алайда байқамай кей сөздерді айтып қалғанда, оның болашағына қалай әсер ететінін ойламауы мүмкін. Осы орайда балаға қандай сөздерді айтпауға тырысу керектігін KAZ.NUR.KZ massaget.kz порталына сілтеме жасап ұсынады.
Барлығы саған қарап тұр
Бұл сөзден бала көпшіліктің пікіріне тәуелді бола бастайды. Қоғамда қалыптасқан қатып қалған қағидалармен ғана өмір сүріп, өз еркімен әрекет ете алмайтын бала осы сөзді жиі естіп өседі.
Басымды ауыртып жібердің
Бұл сөз "мені өлтіріп тынарсың" дегендей боп естіледі. Балалар кішкене кезінде барлық сөзді тура мағынасында қабылдайды. Сондықтан олар шынында да анам менің кесірімнен өліп қалуы не ауырып қалуы мүмкін деп ойлайды. Бұл сөзді жиі естіп өскен бала өзіне сенімсіз, үреймен өмір сүретін адам болуы ықтимал.
Болмайды
Психологтар 9 рет "иә", 1 рет "жоқ" деу формуласын ұсынады. Баланы анау да болмайды, мынау да болмайды деп шектеулермен өсірсе, ол өзі шешім қабылдайтын жасқа жеткен кезде де өзін әр нәрседен шектеп, өзі қалаған бақытты өмірді сүре алмайды.
Барлығының баласы бала сияқты, ал сен...
Ата-ана көбіне өзі байқамайды, сонда да баласын үнемі біреумен салыстырумен болады. Ешкім идеал болуға міндетті емес. Салыстыру сөздерінен бала өзін бар болмысымен қабылдай алмайды, үнемі өзін өзгелерден төмен санап тұрады.
Сен болмағанда...
Ішкі комплекс пен тұйық болу қасиетін оятатын тағы бір сөз. Мұндай сөзді көп естіген бала өзін кінәлі сезініп, әлдекімге қарыздар адамдай боп жүреді. Олар ата-анасының әр сәтсіздігіне, тағдырына өзін кінәлаумен өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қыс мезгілінде өмірге келген сәбилердің бойында қандай ерекшеліктер болатанын жазған едік.
Сонымен қатар 2019 жылы елімізде балаларға қойылған ең танымал есімдердің рейтингі жарияланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835619-balaga-kandaj-szderdi-ajtuga-bolmajdy/