Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Той үстінде бар шындықты айтып қойған келін көпті күлкіге қарық қылды (видео)

Жарияланған күні:

Той үстінде келіндік қызметін қалай атқаратыны туралы бар шындықты айтқан ару желіні жарды. Ол шын мәнінде таңертен нешеде тұратыны мен ата-енесін шығарып салған соң қайтадан ұйықтайтынын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дүбірлі той барысында орын алған қызықты жайттан үзінді Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланды. Видеода асаба келіннен таңғы уақытта нешеде тұратынын сұрағанда, ол қалжындап алдымен төртте, артынан алты мен жеті шамасында оянатынын айтты.

Алайда, ерте тұратын келіншек ата-енесіне шай беріп болған соң, оларды шығарып салып қайта ұйықтайтынын жасырмады.

Бұл шындықты келіннің аузынан естіген той қонақтары бір мезетте күлкіге қарық болды. Көпшілікпен қоса той тізгіндеп тұрған асаба да күлкісін тыя алмады.

Мерекелік кештегі күлкілі жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерге тарап, халықтың қызу талқысын тудырды. Желі қолданушыларының басым көпшілігі шындықты айтқан келінге риза болған.

"Шындық осы. Жасырмай айтқаны өте дұрыс" , "Әдепті келін кейпін оранбай, бар шындықты ортаға салдың" , "Онда тұрған ештене жоқ. Бәрі солай жасайды" , "Тойдағыларды күлкіге қарық қылдың -ау, асаба да күліп жіберді" , "Тойдың сәнін келтіріп жібердің" , "Мына келін қатырды" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін желіде анасын тойханаға тақпен кіргізген азаматтардың видеосы тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835847-toj-stinde-bar-syndykty-ajtyp-kojgan-kelin-kpti-klkige-karyk-kyldy-video/