Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуі пиво ішеді": Күйеуін жеңгесінен қызғанып жүрген келіншек мұңын шақты

Жарияланған күні:

Биыл ғана тұрмысқа шыққан келіншек жарын жеңгесінен қызғанып жүр. Әйелдің айтуынша, оған себеп те жоқ емес: ер адамдардың алдында құбыла кететін ағасының әйелі енді өз үйін жағалап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Келіншек жеңгесінің ерсі қылығын осыған дейін де байқаған. Бірақ, өз күйеуіне жақындай түседі деп мүлде ойламапты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында жазған.

"Жеңгем өте жырпылдақ. Ер адамдар бар жерде көп жүргісі келеді. Бірақ, біреумен сөйлесіп, кездескен емес. Тек ер адамдар бар жерде өзін көрсеткісі келеді де тұрады. Ағама айтып, екеуін араз еткім келмейді. Өзім биыл ғана тұрмысқа шыққанмын. Жырпылдақтығы сонша- енді менің күйеуіме көшті",- деп ашуланды ол.

Керегесі енді бекіп жатқан жанұяның отанасы жеңгесінің өтірікке де жақын екенін айтып қалды.

"Әйел болған соң күйеуіңді қызғанбай тұрмайсың ғой. Бізге үнемі күйеуінсіз, яғни, ағамсыз келеді. "Ағамнан сұрандың ба?" десем, "сұрандым" дейді. Ал жолдасына "қарындасын болмай шақырып алды" деп айтып отырады. Ол үйге келсе, күйеуіме "кеттік, пиво алып келейік" дейді. Келген сайын екеуі пиво ішеді. Мен адам емес сияқты болып қаламын. Ол келсе үнемі күйеуім мені кекетіп, мазақ қып отырады. Қиналғаннан қатты жылағым келеді",- дейді ол.

Айта кетейік, күйеуінің телефонын ақтарған жүкті келіншек күтпеген жағдайға куә болды. Оның сөзінше, күйеуі күнделікті ұятсыз видеолар көреді. Одан бөлек, жалаңаш қыздарды да назардан тыс қалдырмайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835978-ekeui-pivo-isedi-kjeuin-zegesinen-kyzganyp-zrgen-kelinsek-myn-sakty/