Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемнің үздік ұстазы" атанған ақтаулық жас мұғалім шетелде оқудан бас тартты

Жарияланған күні:

Ақтаулық 25 жастағы Жігер Телеуханов Лондонда өткен байқауда "Әлемнің үздік мұғалімі" атанды. Англияда білім алу алу грантын жеңіп алса да, жас ұстаз елге қызмет етуді жөн көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау телеарнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау телеарнасының видеосынан кадр
Маңғыстау телеарнасының видеосынан кадр: Facebook

Жас педагог Англияда өткен ұстаздар арасындағы халықаралық байқағу қатысып, "Химия пәнінен әлемнің үздік мұғалімі" құрметті атағын жеңіп алған. Аталмыш конкурсқа әлемнің 100-ден аса ұстаздарды қатысыпты.

Сайыстың жеңімпазына Англияда тегін магистрлік білім алу сертификаты табысталған. Алайда Жігер Телеуханов гранттан бас тартып, елге қызмет етуді жөн деп тапқан.

"Біздің борышымыз бар. Әлихан Бөкейханов атамыз, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбаев сияқты ұлы біздің зиялыларымыз өз заманында жастардың білімін ашу керек деп өздерін пида еткен болса, біз олардың жанында ешқандай қызмет атқарған болып саналмаймыз. Дәл солардың жолын қуатын тек қана қазақтың қарапайым қара домалақ баласының біріміз ғой", - деді педагог.

Жігер Телеуханов жеті тілде еркін сөйлейді. Ол Қазақ ұлттық университетінде оқып, білімін Англия мен Францияда жалғастырған. Бүгінде жас ұстаз оқушыларын химия пәнінен республикалық олимпиадаға дайындау үстінде. Телеуханов шәкірттерінің алтыннан алқа тағынатынына сенімді.

Еске сала кетсек, испаниялық мектептердің бірінде анатомия пәнінің мұғалімі сабақты түсіндірудің ерекше әдісін ойлап тапқан еді. Ұстаз адам организмінің қандай боларын өзінің денесі арқылы көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836375-aktaulyk-25-zastagy-mgalim-lemni-zdik-stazy-atandy/