Ақтөбеде сүйген қызын айуандықпен өлтірген жігіт 10 жылға абақтыға қамалды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін адам өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танылған Бақытжан Орынбасаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот оған жәбірленуші тарапқа 2 млн 736 мың 275 теңге материалдық және 3 млн теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеді. Сот заңды күшіне 15 күннен кейін енеді.
Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты. Үкім оқылғаннан кейін өзін ұстай алмаған анасы сот залында жылап жіберді.
"Менің жалғыз қызым өлді. Ол жоқ! Неге 10 жыл? Мен оның ауыр жазаланғанын сұраймын. Адам өлтіргенге неге 10 жыл береді? Қоғамдық пікір туғызып, қолдау білдірулеріңізді сұраймын", - дейді қыздың анасы Айгүл Бірімжанова.
Айта кетсек, бұған дейін 23 жастағы сотталушының сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланған.
Естеріңізге салсақ, өмір бойына бірге болуға серттескен ғашықтар оқиғасы қайғылы аяқталды. 23 жастағы жігіт болашақ қалыңдығын ашу үстінде жазым еткен.
Сот тергеуінде сотталушы 2019 жылдың тамызында марқұммен пәтерде кездескенін айттылды. Екі апта бұрын қызының жүкті екенін естіген жігіт үйленуге ұсыныс жасайды. Болашақ балалары туралы сөйлескен. Сол кезде қызының жүктілікті үзіп, түсік жасатқаны туралы естіген жігіт ашуға беріліп, оны мойнынан қылғындыраған.
Сотталушы жәбірленушінің мойнынан қысып, тыныс алу мүшесін бітеп тастаған. Бойжеткеннің тіл асты сүйегі сынады. Кейін жігіт өзіне қол жұмсамақ болып, дәріханадан дәрі алып ішкен. Полицияға жағдайды келесі күні ғана өзі хабарлайды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836421-aktbede-sjgen-kyzyn-ltirgen-zigit-10-zylga-abaktyga-kamaldy/