Ақша таратылмайды: Министр алимент төлейтін қордың жұмысы туралы айтты
Жарияланған күні:
Әділет министрлігінің басшысы Марат Бекетаев елде алимент төлеуге бағытталған қордың қалай жұмыс істейтіні туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әділет министрлігінің басшысы журналистердің тиісті сұрағына жауап бере отырып, барлық алимент төлеушілерге қордан ақшаны тегін таратудың болмайтындығын және оны құру арқылы балалар алдындағы барлық қарыздары "ғажайыптан жабылатынына" сенім артудың қажеті жоқ екенін кесіп айтты.
Бекетаев жалпы әлемде мұндай қорлардың жұмыс істеуінің екі моделі бар екенін атап өтті. Бірінші жағдайда ол кредиттік ұйым ретінде жұмыс істейді. Яғни жұмысынан айырылып қалған алимент төлеушілер баласына төлейтін соманы қордан ала алады. Жұмыс тапқаннан кейін ақшаны пайызымен қайтаратын болады.
Министрдің сөзінше, алимент төлейтін мұндай қор Финляндияда жұмыс істейді.
Екінші модель - қайырымдылық қоры. Бұл жағдайда адам шынымен, мысалы, ауруға байланысты жұмыс таба алмай, алимент төлеуге мүмкіндігі болмаған кезде қаражат қайтарымсыз беріледі.
"Қазақстанда қайырымдылық қоры болады", - деді Әділет министрі.
Бұл модель барысында елдің беделді азаматтары кіретін комиссия мен кеңесті құрылады. Дәл сол азаматтар қордың есебінен кімнің алименттік қарызы өтелетінін шешеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі өз балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836639-aksa-taratylmajdy-ministr-aliment-tlejtin-kordy-zmysy-turaly-ajtty/