Қар жауып, жел күшейеді: 18 қаңтарда ауа райы қандай болмақ
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" орталығы 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына әсер етеді – қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еліміздің оңтүстік аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан ары күшейеді, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында бұрқасын күтіледі, жел түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан ары күшейеді, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с, түнде Қарағанды облысында 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі.
Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Ақтөбе облыстарында да тұман түсуі ықтимал, түнде Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836707-kar-zauyp-zel-ksejedi-18-katarda-aua-rajy-kandaj-bolmak/