Биыл аз қамтылған жанұя балаларына мемлекеттен қандай көмек беріледі
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында 2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғамдық қабылдаудың атап өтуінше, жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
Пиджак, жилет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киюге арналған көйлек, трикотаж жилет.
Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
Пиджак, жилет, белдемше, классикалық жейде, трикотаж жилет, сарафан.
Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады:
"Рюкзак, күнделік, жай дәптер (20 дана), қаламсауыт, сурет салуға арналған альбом, қаламсап (5 дана), жай қарындаш (10 дана), қап (15 дана), пластилин, акварель бояуы, сызғыш, өшіргіш.
Орта буын оқушыларына мыналар беріледі:
Рюкзак, күнделік, жай дәптер (20 дана), қалың дәптер (10 дана), қаламсауыт, сурет салуға арналған альбом, қаламсап (5 дана), жай қарындаш (10 дана), қап (15 дана), пластилин, акварель бояуы, сызғыш, өшіргіш.
Жоғары сынып оқушыларына:
Рюкзак, күнделік, жай дәптер (20 дана), қалың дәптер (10 дана), циркуль, қаламсауыт, сурет салуға арналған альбом, қаламсап (5 дана), жай қарындаш (10 дана), қап (15 дана); - пластилин, акварель бояуы, сызғыш, өшіргіш.
Айта кетейік, Алматыда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студентерімен кездесті. Министр медициналық волонтерлікке ресми бастама беріп, медициналық білім ордаларының студенттерін "волонтер жылының" іс-шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836805-biyl-az-kamtylgan-zana-balalaryna-memleketten-kandaj-kmek-beriledi/