Мұздай судың ішінде 40 минут тұрған елорда тұрғыны жаңа рекорд орнатты
Жарияланған күні:
Елорда тұрғыны Қайырбек Аяшев мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол Есіл өзеніндегі ойықтың ішінде 40 минут болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазақстанның алғашқы рекордын Аяшев өткен жылдың 19 қаңтарында орнатқан еді, ол мұздай судың ішінде 35 минут 15 секунд болды.
Нұр-Сұлтан қаласының қырық жастағы тұрғынын елордалықтар жақсы таниды. Ол 12 жылдан бері қысы-жазы ауа райына қарамастан қысқа жеңді киім мен жеңіл шалбармен жүреді. Аяшев жыл бойына ағзасын шынықтырып, спортпен айналысады. Айтуынша, бар дайындығы осы ғана.
"Мені морж деп айтқан дұрыс емес, өйткені мен ойыққа түсумен айналыспаймын. Тек жылына бір рет қана, крещение кезінде ғана суға түсемін. Осы ретте діндар адамдардан, егер кедергі келтіріп жатсам, кешірім сұрағым келеді", - дейді Қайырбек Аяшев.
Айта кетсек, әлемдік рекордты 2012 жылы 24 наурызда ресейлік Дмитрий Балабанов орнатқан еді, оның уақыты – 2 сағат. Әйелдер арасындағы рекорд Осман Делибашқа тиесілі, ол мұздай судың ішінде 60 минут тұрды.
Естеріңізге сала кетейік, қостанайлық полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза тапты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836817-mzdaj-sudy-isinde-40-minut-trgan-elorda-trgyny-zaa-rekord-ornatty/