"30 минуттан кейін ағзаға әсер етеді": Тұз пайдалы ма, әлде зиян ба
Жарияланған күні:
Тұз-ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Ғалымдар "адам организмі күнделікті 1,5 граммға дейін осы өнімді қабылдау керек" деген пікірде. Тұздың пайдасы мен зияндылығы туралы көп естігенімізбен, оның нақты себебін біле бермейтініміз, жасырын емес. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап қажетті компонент туралы ақпарат ұсынады.
Тұздың күнделікті тұрмыстағы пайдасы
- Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді. Сонымен қатар, балық иісі шығып тұрған ыдысты да тұз қосылған суық сумен жуу ұсынылады.
- Су тіршілігін тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек, бұл еңбекті жеңілдетеді.
- Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.
- Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.
- Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.
- Кофе шыныаяғының ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, оның дәмі кіре түседі.
- Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз: жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді.
- Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.
- Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.
- Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
- Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.
- Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
- Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
- Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
- Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
Тұздың зияны
- Тұзды шамадан тыс көп қолдану организмдегі жолдарды бітеп, сұйықтық ағзадан шыға алмайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.
- Натрий қан қысымын көтереді. Ол гипертония ауруында денсаулыққа зиянын тигізеді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.
- Тұзды көп мөлшерде пайдалану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.
Ғалымдардың мәлімдемесі
Австралиялық зерттеушілер тамаққа көп қосылған тұздың ағзаға қалай әсер ететінін арнайы тәжірибе барысында анықтады.
The Daily Mail басылымының мәліметінше, дәрігерлердің арнайы сынағына денсаулығы мықты 16 адам қатысқан.
Олардың әрқайсысы жеген тағамға 4 грамм тұз қосылды. Одан бөлек, 0,3 грамм тұзы бар тағам да берілген.
Сынақтың басы мен соңында ғалымдар зерттеуге қатысқандардың иық артериясындағы қан тамырларының соғысын өлшеген. Зерттеу барысында тұзды тағам жеген адамдардың қан айналымы айтарлықтай тежелгені байқалыпты.
Тұз 30 минуттан соң-ақ ағзаға әсер ете бастап, қан жүгірісін шамамен бір сағат бойына тоқтатқан. 4 грамм тұз-адамның жалпы рационына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне тең. Соған қарамастан, тұзды көп қолдану адамды оқыс өлімге итермелеуі ықтимал.
Профессор Грэхем Макгрегордың дерегінше, жүргізілген сынаққа сәйуес, адамның қан тамырларын қатайтқан компонент тұз болуы мүмкін.
Тұзды тиімді пайдалану жолдары
Тағамды үнемі тұздап жеу дәм сезу рецепторларының сезімталдығын басып, соның себебінен табиғи тағам дәмсіз көрінуі мүмкін. Егер біраз уақыт тұздан бас тартар болсаңыз, дәм сезі рецепторларының сезімталдығы, тағамның табиғи дәмін сезу қабілеті қалпына келеді. Салаттарға тұздің орнына түрлі дәмдеуіштер мен лимон, сірке су қосуға болады.
Еске сала кетсек, осыған дейін адам ағзасын қартайтатын тағамдар жайлы жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837061-30-minuttan-kejin-agzaga-ser-etedi-tz-pajdaly-ma-lde-zian-ba/