Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін жұбайларға ел сүйсінуде (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбелік ерлі-зайыптылар екі жылдан бері фитнес орталығының жаттықтырушысы болып жұмыс істеуде. Бір шаңырақ астында 17 жыл отасқан олар бірін-бірі қызғанып көрмеген. Екеуара жарысып жүріп, дене пішіндерін жіптіктей қылған ғашықтар көпшіліктің сүйікті жаттықтырушысына айналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлі-зайыпты Сағадат Әсем Салмановатар
Ерлі-зайыпты Сағадат Әсем Салмановатар: Original

34 жастағы Әсем Салманова бес баланың анасы. Ол жаттығу залында жүріп, енесінің де көңілінен шығуға тырысады.

"Өзім 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым – 16 жаста. Кенжеміздің өзі жеті жастан асты. Кішкентайымыз жасқа толғанда жолдасым "Енді өзіңе қара, арықта" деп жаттығу залына жіберді. Алғашында қыздармен топтық жаттығуларға қатысып, төрт айда 13 келі тастадым. Арықтағаннан кейін денем жұмсарып қалды. Жолдасым өзімен бірге жаттығу залдарына апарды.
Темір денені тез қатайтады. Жолдасыммен бірге жүріп үш жыл жаттықтым. Осыдан кейін фитнес орталығының басшысынан ұсыныс түсті. Жаттықтырушы ретінде өздері оқытатын болған соң келісіп, жұмысқа шығып кеттім. Адам ең бірінші өзіне құрметпен қарап, өзін жақсы көруді үйрену керек. Сол кезде сені жолдасың да балаларың да жақсы көреді. Үйдің шаруасы ешқашан бітпейді" , - дейді келіншек.
Ақтөбеде жаттықтырушы болып жүрген көпбалалы ерлі-зайыптылар елді сүйсіндірді
Фото: Жеке мұрағат: Original

Әсемге енесі балаларды қарап, көмектесіп отырады.

Ал жолдасы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылының тумасы. 38 жастағы Сағадат Салманов бодибилдинг спортының шебері.

Ақтөбеде жаттықтырушы болып жүрген көпбалалы ерлі-зайыптылар елді сүйсіндірді
Фото: Жеке мұрағат: UGC
"1998 жылы қалаға оқуға келдім. Еңбек және бизнес негіздері деген мамандықты бітіріп, кәсіппен айналыстым. Біраз жерге терезе салдық. Кейін спортпен айналыса бастадым. Дене шыққан соң адамдар жарысқа шақыра бастады. Өзімнің де қызығушылығым оянды.
Басқа адамдар жекеге шығып, дайындауымды сұрады. Осылай жаттықтырушылыққа келдім. Салмақ тастау үшін, ет жинау үшін арық қыздар, денелері бос қыздар келеді. Ет қатты болған кезде дене де әдемі көрінеді. Қазір халықтың жағдайы жақсарды. Салауатты өмір салтын ұстанады. Бәрі жетіп тұрғанннан кейін адам өз-өзіне қарай бастайды. Бұрын келбетіне қарайтындай жағдай болған жоқ", - дейді Сағадат Салманов.

Ақтөбелік азамат жаттықтырушылық жұмыстан айына 400 мың теңге табыс табатынын жасырған жоқ.

Отбасында дұрыс тамақтануды қатаң қадағалайды. Қант қосылған, майлы, қуырылған тамақтардан мүлде бас тартқан.

Ақтөбеде жаттықтырушы болып жүрген көпбалалы ерлі-зайыптылар елді сүйсіндірді
Фото: Жеке мұрағат: UGC
"Кейбіреулер дұрыс тамақтануды қымбат деп ойлайды. Егер сен соның бәрін өзің дайындасаң, күнделікті жеп жүрген тамағыңнан аз кетеді. Таза тамақтан асқазан ауырмайды. Қазір адамдар тамағын істеп жеуге ерінеді. Біз жұмыстан кешкі сағат 10-да шығып, түнгі 12-ге дейін тамақ пісіреміз. Бір жасағанда 3-4 күнге бірден дайындап тастаймыз. Қуырылған тағамдарды жемейміз. Жұбайым екеуміздің көп уақытымыз жаттығу залында өтеді.
Балалар әжесінің қасында. Жаттықтырушы болып ақша тауып жүрміз. Қолыңнан келсе, неге жасамасқа?! Халықтан еститініміз - алғыс. Ал балаларым тек қана сабақ оқиды. Спортқа келіп үлгереді деп ойлаймын. Өзім спортқа 35 жасымда келіп, бодибилдинг бойынша Қазақстанда бірнеше рет жеңіске жетіп, Орта Азиядан үшінші орын, Германиядан жүлделі орын алдым.
Келіншегім көктемде жарысқа шығады. Қазір соған дайындалып жатыр. Айтатындар табылар. Әйел өзімдікі, ертелі кеш жанымда жүр. Сөзге көңіл бөлмейміз", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін миллиондап табыс табатын отандық актриса туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837068-aktbede-zattyktyrusy-bolyp-zmys-istejtin-erli-zajyptylar-eldi-sjsintti-foto/