Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі: Шетелдік көліктерді елден қуу ойымызда жоқ

Жарияланған күні:

Полиция шетелдік нөмірі бар көліктерді елден қууды мақсат етпейді. Әзірге олар көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайдан шығу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

Әр жүргізуші кеңес алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуі немесе ІІМ жедел желісіне хабарласуы тиіс. Сол арқылы олар Қазақстанда шетелдік нөмірі бар автокөлікті тіркеу мүмкін бе, әлде оны ескі-құсқы зат ретінде өткізу немесе елден шығару қажет пе деген сұраққа жауабын ала алады.

"14-нен бастап түсіндіру жұмыстарына кірісіп кеттік. Осыған дейін мемлекеттік кіріс органдары төлемдерді ресімдеу қажеттілігі бойынша жұмысты жүргізді, бірақ оған ешкім назар аудармады",- деді ІІМ бастығы орынбасары Марат Қожаев.

Сондай-ақ, ол органдарда әр автокөлік иесімен жағдайдан шығудың жеке жолын қарастыруға әзір екенін айтты.

"Қазір біз жолдағы барлық қабылдауда, ішкі істер органдарында, мамандандырылған ХҚКО- да адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.
Кейбіреулерге көлікті елден шығаруға немесе ескі-құсқа заттарға өткізуге тура келсе, енді біреулерге заңмен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, көліктерді рәсімдеуге болады. Түрлі нұсқаларды ұсынудамыз",- деді Қожаев.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында сенімхат арқылы ресейлік нөмірмен автокөлік мініп жүрген азаматтарға не істеу керектігін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837160-iski-ister-ministrligi-seteldik-klikterdi-elden-kuu-ojymyzda-zok/