"400 түрлі қоректік зат": Ана сүтінің 10 артықшылығы қандай
Жарияланған күні:
Ана сүті – өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды. Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Ана сүтінің тағы сіз біле бермейтін 10 артықшылығын KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап ұсынады.
1. Ана сүтінің құрамында ағзаға керек барлық нәрлендірушілер бар: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмір су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер, липаза, лактаза т.б. арнай ферменттер деп жалғасып кете береді.
2. Өмірде екі бірдей ана сүтін кездестіру мүмкін емес. Құрамы, майлылығы баланың қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады.
3. Ана сүті ішек, респираторлы жұқпалы, аллергиялық аурулардың алдын алады. Сонымен қатар өкпенің қабыну қауіпін сейілтеді.
Калифорния университетінің медициналық орталығы емізу уақытына қарай балаларды бірнеше топқа бөліп, зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде 6 айдан көп уақыт емізілген балаларда өкпе қабыну ауруы 4 есе аз кездесетіндігі, диабет түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып, ұмытшақтыққа, ас қорыту жолдарына пайдасы көп екенін анықтаған.
4. Баланың физикалық өсуін дамытады. Сана-сезімін жетілдіреді. АҚШ медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың адамға он жыл бойы жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижесінде өмірге келген алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде есте сақтау қабілеті, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған.
5. Ана сүті баланың жүйке-психикасын дамытады.
6. Оның құрамында А, Е, Д витаминдері өте көп.
7. Баланың артық салмақ, семіздік ауруларына шалдығудың алдын алады.
8. Емізу баламен қатар анаға да пайдалы. Ол сүт безінің қатерлі ісікке шалдықпауын екі есе төмендетеді.
9. Ғалымдардың мәліметінше, ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, мейірімді болып өседі.
10. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді.
Еске сала кетсек, осыған дейін тұрмыста кеңінен қолданыла бермейтін адамның жас атаулары туралы қызықты мәлімет ұсынғанбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837721-400-trli-korektik-zat-ana-stini-10-artyksylygy-kandaj/