Қызылорда маңынан "маугли" бала табылды
Жарияланған күні:
Қызылорда қаласының маңында Маугли аталып кеткен бала табылды. Ол 9 жаста болса да, қатарластары секілді оқып, жазып, сөйлей де алмайды екен. Влад есімді бала бірнеше ай көшеде кезіп жүрген, оның ата-анасы мен туыстары жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазір бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрады.
9 жасар Влад енді ғана сөйлесіп, әліппені үйреніп, қалыпты өмірге бейімделіп жатыр.
Полицияға бала жайлы жергілікті тұрғындар хабарлаған. Олар кейде баланы тамақтандырып, үйіне кіргізіпті, содан кейін оның отбасы жоқ екенін және оны ешкім іздемейтінін түсінген деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ювеналды полиция қамыста ойнап жүрген баланы тапқанын айтты. Ол ескі киіммен жүріпті, ал шашы иығына дейін жеткен.
Тәртіп сақшылары баланың туыстарын табуға тырысты, бірақ оның әкесі өткен жылы көктемде қайтыс болған, ал анасының көрінбей кеткеніне біраз ұзақ уақыт болыпты. Жергілікті тұрғындар ол баланы бұрынғы жұбайына тастап, Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткенін айтады.
Влад қазір тұрып жатқан бейімдеу орталығының психологы тілшілерге баламен логопед, дефектолог және тәрбиешілер жұмыс жасайтынын айтты.
Психологиялық, медициналық-педагогикалық комиссия қызылордалық Мауглидің дамуы тежелгенін көрсетті: 9 жасар Владтың даму деңгейі мектеп жасына дейінгі балалардың деңгейімен бірдей.
Ендігі мәселе баланың анасының ата-аналық құқығынан айыру болып отыр, бірақ ол үшін ең алдымен әйелді табу керек.
Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Алматы облысында іздеу салынған екі мектеп оқушысының Алматыдан табылғанын хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837788-kyzylorda-maynan-maugli-bala-tabyldy/