Нұр-Сұлтандағы қарлы боран: Қалада жолдар жабылып, рейстер кешіктірілуде (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда қатты боран соғуына байланысты барлық мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды. Желдің екпіні секундына 20 метрден асады. Жолдар жабылған, көшелермен жаяу жүру қиындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елорданың білім басқармасы мектептегі барлық сыныптар мен колледждің барлық курстары үшін сабақтар тоқтатылғанын мәлім етті.
Нр-Сұлтанда бір апта бойы боран басылмай тұр – үздіксіз қар жауып, екпінді жел соғуда. Қалада жаяу жүру тұрғындарға үлкен қиындық тудыруда.
Нұр-Сұлтанға кіріп, шығатын барлық тас жолдар жабылған. Барлық дерлік әуе рейстері кешіктірілуде.
112 қызметі астаналықтарға күнделікті ескерту хабарламасын жолдауда – 26-27 қаңтарда желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.
Дегенмен, ауа райына байланысты жақсы жаңалық та бар – ауа температурасы қыс мезгілі үшін "жылы" болып қалуда, бар болғаны -3-6 градус аяз.
Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні боран басылуы керек. Алайда, сәрсенбіден бастап Нұр-Сұлтанда -11-21-ге дейін, бейсенбі -19-25 ке дейін, жұма -17-22-ге дейін, сенбі -12-19-ға дейін қатты аяз болмақ.
Ал келесі аптадан бастап астанада күн қайта жылиды. Орташа ауа температурасы -5-10 градус аяз болмақ.
Еске сала кетейік, Қазақстанның үш аймағында дауылды ескерту жарияланған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837915-nr-sltanda-aua-rajyny-kolajsyzdygynan-zoldar-zabylyp-rejster-kesiktirilude-foto/