Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет түсік тастадым": 42 жасында жүкті болған әйел қуанышын жасыра алмады

Жарияланған күні:

Атырау облысы Құлсары қаласының 42 жастағы тұрғыны Жанат Аманғалиева 18 жылдан соң құрсақ көтергенін айтып, қуанышымен бөлісті. Тұңғышын дүниеге әкелген соң жиырма жылға жуық уақыт сәби сүйе алмаған ол талай дәрігер мен талай емшінің алдына барған. Бүгінде екінші баласымен қауышатын күнді күтіп жүрген ана жас аналарға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Отбасылық мұрағаттан
Фото: Отбасылық мұрағаттан: Depositphotos

Жанат Аманғалиеваның тұңғышы 18-де. Ерлі-зайыптылар ұлдарының соңынан іні-қарындастары ерсін деп қанша ниеттенсе де, бәрі бірден өздері ойлағандай болып кетпегенін айтады.

"18 жыл бойы сәби сүйсем деген арманым орындалмай, кейінге қала берді. Алты жылда үш рет түсік тастадым. Ішімдегі бала дамымай, жүрек соғысы тоқтап қала берді. Менің жасымда қайта-қайта түсік тастап, жатыр қуысын тазалау да оңай емес. Қуанышқа қарай, Алла бұл тілегімізді қабыл етті", - дейді Жанат.

Мектепте тазалықшы болып жұмыс істейтін Жанат сәби сүйе алмай жүрген аналарды сабырлы болуға шақырды.

"Сабыр түбі сары алтын. Сабыр етіп, құдайдан тілеп, соңына дейін шыдасаңыздар, Алла тілекті қабыл етеді. Өзім талай емшінің алдына бардым. Жолдасым қазақы ем қабылдауға қарсы болса да, оны көндіріп, оралдық Ұмай ана Анардан ем алғанбыз. Алдымен Алланың қалауымен, кейін Анардың емі арқылы төрт айдан соң тағы да жүкті болдым. 42 жасымда. Аллаға шүкір. Ендігі арманым, сәбиімді аман-есен дүниеге әкелу. Өзімнің де, Анардың да дұғасын Алла қабыл етті", - дейді ол.

Қырықтан асқан шағында құрсағына сәби біткен Жанат бүгінде сәбиімен қауышатын күнді асыға күтіп жүр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 30 жыл бойы сәби сүйе алмаған алматылық әйелдің 49 жасында егіз ұлды өмірге әкелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841791-s-ret-tsik-tastadym-42-zasynda-zkti-bolgan-jel-kuanysyn-zasyra-almady/