Ақтөбеде "Выгодный займ" құрылтайшысы қолға түсті
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары "Выгодный займ" компаниясының құрылтайшысын қолға түсіргендерін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қолға түскен Есіркепов уақытша ұстау изоляторына қамалған. Өңірдегі ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы айдың 22-нен бастап аталған азамат мемлекетаралық іздеуде болған.
Оған қаржы пирамидасын құрып, жетекшілік етті деген күдік бойынша іздеу салынған.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе ПБ қаржы пирамидасының әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға үндеу жасады. Құрбанға айналғандардан қаладағы кез-келген полиция бөліміне хабарласуларын сұрады.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.
Сондай-ақ "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалған болатын.
Бұдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторинг жасайтын мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізіп, заңсыз ломбардтар ісі бойынша кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған болатын.
Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843292-aktbede-vygodnyj-zajm-kryltajsysy-kolga-tsti/