"Басқаларға сабақ болсын": Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан жігіт кешірім сұрады
Жарияланған күні:
Шымкент қаласында короновирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт, елден өзінің қателігін қайталамауын сұрап видеоүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Шымкент Плаза" СОО-дағы дүкендердің бірінің 24 жастағы жұмысшысы коронавирус туралы жалған ақпаратты қызық үшін таратқанын айтты.
"Мен қызық үшін коронавирус жұқтырған науқас табылды деп видео түсірдім. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жалған ақпарат. Барлық Қазақстан азаматтарынан, Шымкент тұрғындарынан, “Шымкент Плаза” әкімшілігінен кешірім сұраймын. Осы іс-әрекетім басқаларға сабақ болсын", - дейді жас жігіт.
Басылымның жазуынша, аталған факт Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қабылданған.
Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде "Шымкент Плаза" СОО-да коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жалған ақпарат таратқан қала тұрғыны ұсталғаны хабарланды.
Шын мәнісінде, сауда орталығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843916-baskalarga-sabak-bolsyn-koronavirus-zajly-zalgan-akparat-taratkan-zigit-kesirim-srady/