Маңғыстаудағы құмнан арнайы форма киген азаматтың қаңқасы табылды
Опубликовано:
3 наурыз күні таңғы сағат 11 шамасында "102" пультіне Үштаған ауылынан шамамен 3 шақырым жердегі құмнан белгісіз адамның қаңқасы табылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына келген полицейлер мәйіттің денесі жартылай құм астында қалғанын анықтаған. Марқұмның тек бас сүйегінің жартысы, оң аяғы пен қос қолы көрініп жатқан.
Ал дененің қасынан қалтасында 5 мың теңгесі бар көк күрте, "ӨзенМұнайГаз" жазуы бар 39-өлшемді қара түсті етік және қою көк түсті тоқылған бас киім табылған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған факті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің "Тұлға өлімі" бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелгенін мәлімдеді.
"Белгісіз азаматтың тұлғасын және өлім себебін анықтау бойынша жедел жұмыстар атқарылуда. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді ведомствода.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шотландияда "Сиара" дауылынан кейін беймәлім мақұлықтың қаңқасы табылғанын хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844333-magystaudagy-kmnan-arnajy-forma-kigen-azamatty-kakasy-tabyldy/