Карантин: Әкімдік Алматы тұрғындарынан 5 сағатқа дейін үйден шықпауды сұрады
Жарияланған күні:
Алматыда қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар орындарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы күн сайын 2 рет жол жууды ұйымдастырып жатыр. Ол үшін 90 көше жуатын, 54 тротуар жуатын көліктер және 962 жұмысшы тартылған.
Тағы 112 адам қоқыс, орындықтар мен аялдамаларды зарарсыздандыруда.
Бүгін, 25 наурыз, таңертеңгі сағат 9.00-де подъездерді залалсыздандыру басталды, оған 32 команда қатысып жатыр. 8633 подъезді (2868 үй) және 1441 ауланы өңдеу жоспарланған.
Жұмыс басталмас бұрын дауыс зорайтқыш арқылы хабарладыру жасалады.
Сонымен қатар, 25 наурызда Есентай, Үлкен Алматы және Тереңкөл өзендерінің жағасын залалсыздандыру жоспарланған.
Оған қоса, қаланы өңдеуге қатысты Алматы гарнизонының күштері, ең алдымен, жалпы аумағы 60 гектар болатын жеті ірі базарды залалсыздандырумен айналысты. Бұл жұмыстарға 317 әскери қызметкер, 11 арнайы техника және өңдеуге арналған 151 жиынтық жұмылдырылды.
Сонымен бірге, гарнизон азаматтар карантиндік бақылауда жатқан 13 медициналық ұйымдарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді. Оған 320 әскер қатысады.
Алматы қаласында карантин жарияланғанына байланысты қала әкімдігі тұрғын үйдің кіреберістерінде және басқа да қоғамдық жерлерде (ауланың аумағы, ойын алаңы және т.б.) дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.
"Өңдеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бес сағатқа дейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз.
Келесі залалсыздандыру жұмысының кестесі кіреберістерге ілінеді", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847078-karantin-kimdik-almaty-trgyndaryn-5-sagatka-dejin-jden-sykpaudy-srady/