Елімізде тағы 7 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Елімізде COVID-19 инфекциясы тағы жеті адамнан анықталды. Олардың бесеуі Нұр-Сұлтан, екеуі Алматы қаласында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанда коронавирус бойынша 26 наурыз сағат 08:25-тегі жағдай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 46
Алматы қаласында – 34
Қарағанды қаласында – 2
Шымкент қаласында – 2
Алматы облысында – 1
Ақтөбе облысында – 1
Жамбыл облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 1
Осылайша елімізде COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 88-ге жеткен.
Еске сала кетейік, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.
Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.
Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847171-elimizde-tagy-koronavirus-5-adamnan-anyktaldy/