Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды қаласында тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Жарияланған күні:

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 111-ге жетті. Соңғы екі жағдай Қарағанды қаласында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

26 наурыз 21:00-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Қарағандыда тiркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 111 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847347-karagandy-kalasynda-tagy-eki-adamnan-koronavirus-infekciasy-anyktaldy/