Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматыда қауіпті саналған 12 ошақтан шектеу алынып тасталды

Жарияланған күні:

Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ошағы деп танылған 12 үй мекенжайынан шектеу алынып тасталды. Қалада әлі 24 инфекция ошағы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, инкубациялық кезең аяқталғандықтан, 12 мекенжайдан шектеу алынып тасталды. Себебі, коронавирус жұқтырған науқастармен байланысқан адамдарда ауру белгілері 14 күн ішінде байқалады.

Атап айтқанда, Медеу ауданында - Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162; Гоголь көшесі 75, Түрксіб ауданында – «Алтай» шағынауданы 1, 8; «Жас қанат» шағынауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63 а, Жетісу ауданында – Еңлікгүл көшесі 34 а, Бостандық ауданында – Тұрғыт-Өзал көшесі 242, Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі 125; Жароков көшесі 16; Жароков көшесі 7 мекенжайларында шектеу алынды.

Ал коронавирус тіркелген ошақтар төмендегідей:

Әуезов ауданында инфекцияның 4 ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы 70а; Мамыр-4 ықшамауданы 313; 6 ықшамауданы 35; 1 ықшамауданы 28 мекенжайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі 13; Тойшыбек батыр 121.

Медеу ауданы бойынша 5 ошақ тіркелген. Олар – Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы 25; Достық 111/2; Достық 116; Достық 493.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі 25; Құлагер ықшамауданы 45; Борзов көшесі 85 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 4 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы 45; Жұлдыз ықшамауданы -1, 13 мекенжайлары қалды.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ бар. Береке көшесі, 1/97 мекенжайында әлі қауіп сейілген жоқ.

Бостандық ауданында 3 ошақ: Науаи көшесі 328; Клочков көшесі 117; Науаи көшесі 310 тіркелген.

Айта кетейік, бүгін, 1 сәуірде елімізде коронавирустық инфекциядан көз жұмған тағы бір науқас тіркелді. Марқұмның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848388-covid-19-almatyda-kauipti-sanalgan-12-osaktan-sekteu-alynyp-tastaldy/