"Мешіт айналасы тым-тырыс": Алматының карантиндегі қазіргі күйі қандай
Жарияланған күні:
Бүгін Қазақстан аумағына ТЖ режимі енгізілгеніне 17 күн болды. Өткен аптада еліміздің оңтүстік астанасы мүлдем карантинге жабылып, қала ішіндегі қозғалысқа да бірқатар қатаң шектеу қойылды. Коронавирус салдарынан орын алған жағдайдан соң үздіксіз қозғалыста жататын Алматының өмірі бүгінде күрт өзгерген. KAZ.NUR.KZ тілшілері шаһар көшелеріне шығып, оның қазіргі тыныс-тіршілігі қандай екенін біліп қайтты.
Карантин режимі жарияланғалы Алматының іші тым-тырыс болып қалды. Қала көшелерінде бұрынғыдай толассыз кептеліс бүгінде мүлдем жоқ.
Көліктер саны расында азая түскен. Шаһар ішінде жүрген автоларды тәртіп сақшылары жіті тексеріп, жүргізушілердің қандай мақсатта шыққанын анықтауда.
Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған. Алайда, қала бойынша қатынайтын автобустардың саны қысқарған. Олардың ішінде де жолаушылар өте аз.
Бұл жағдай метрода да көрініс тапты. Жер асты қозғалысын қолданатын тұрғындар да азая түскен.
Алматылықтар көптеп жиналып, серуендейтін "Арбат" бойында да адамдар өте аз.
Ол жерден тәртіпті қадағалап тұрған полиция қызметкерлерін көруге болады. Құқыққорғаушылар қала тұрғындарының қайда бара жатқанын тексеріп жатыр.
Оңтүстік астанадағы орталық мешіт аумағы да тым-тырыс болып, тыныштық орнады.
Қасиетті ғимарат алдында отыратын көше кезбелері де қазіргі таңда жоқ болып кеткен. Алайда, олардың кейбірін аялдамалардан көріп қалдық. Ер адам көптің көзінше "жүрек жалғап" отырды.
Қорыта айтақнда, Алматы бүгінгі күні карантин режимін мойындап, сақтану мақсатында тыныштық күйіне көшкендей сыңай танытуда. Шаһар көшелері босап, тұрғындарды тек үйінің терезелері мен балкондарынан көруге болады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848427-mesit-ajnalasy-tym-tyrys-almatyny-karantindegi-kji-kandaj/