Елеусінов коронавирус пандемиясы аяқталған соң бұрынғы әлем чемпионымен кездеспек
Опубликовано:
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоға қарсы жекпе-жегін коронавирус пандемиясы аяқталған соң өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұған дейін қос боксшы арасындағы кездесу 17 сәуірде Америка Құрама Штаттарында өтеді деп жоспарланған, алайда жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
Отандасымыз да Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында намибиялықпен қай күні жұдырықтасатынын нақты айта алмайтынын жеткізді.
"Құдай қаласа бұл жекпе-жек алдағы уақытта өтеді... Бүкіл әлемді шулатқан пандемия Алланың қалауымен өтіп кетсе осы жекпе-жекке дайындаламыз", - деп жазды қазақстандық боксшы.
Еске сала кетсек, 28 жастағы Данияр Елеусінов соңғы кездесуінде жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas бұрынғы чемпионы, АҚШ спортшысы Алан Санческе қарсы өткізді.
Жекпе-жекте айқын басымдылығын көрсеткен отандасымыз қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жіберді.
2019 жылы Данияр Елеусінов төрт жекпе-жек өткізді. Олардың барлығы 29 жастағы боксшының жеңісімен аяқталды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850359-eleusinov-koronavirus-pandemiasy-aaktalgan-so-bryngy-lem-cempionymen-kezdespek/