АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 25 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Америка Құрама Штаттары COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 25 мыңнан асқан алғашқы ел болды. Мемлекет өз рекордын жаңартуды жалғастыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, бұл дерек 14 сәуірде (уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстан үшін 15 сәуірде) тіркелді деп жазады РИА Новости.
АҚШ-та өлім деңгейі 4,86%-ға жеткен. Қазіргі уақытта бұл елде 30 мыңға жуық адам коронавирустың құрбаны болып отыр.
Сондай-ақ, АҚШ коронавирустан ең көп зардап шеккен ел болып саналады. Елде 612 мыңнан аса америкалық COVID-19 инфекциясын жұқтырған, олардың 9 мыңға жуығының жағдайы ауыр.
BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент вирусты жеңіп шыққан. Жалпы, әлемде 2 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Аурудың әлемде таралған сәтінен бастап, АҚШ және тағы 5 еуропалық ел инфекция жұқтырғандардың саны бойынша COVID-19-дың алғашқы ошағы болған Қытайды басып озды.
Қазіргі уақытта вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып табылады, онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.
Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан. Бұл көрсеткіш бойынша ел алғашқы үштікке кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін медбике әлем жұртшылығына үндеу жасаған еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850790-aks-ta-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-25-mynan-asty/