Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасы жабылды
Опубликовано:
Алматыда медицина қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықтағаннан кейін қалалық орталық клиникалық ауруханасы залалсыздандыру үшін жабылды. Бұл туралы брифингте Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әбілдаевтың мәліметінше, бүгінде Алматыда індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 218. Олардың 182-сі орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары.
Бөлім басшысы кеше аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев жұмыстан босатылғанын, ол өз еркімен қызметінен кеткенін жеткізді.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1275-ке жеткен.
Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.
Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850914-almaty-kalasyny-ortalyk-klinikalyk-auruhanasy-zabyldy/