Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин режимін бұзған елорда әкімі орынбасарының жары сынға ұшырады

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің әйелі даулы оқиғаға тап болды. Желідегілер Нұрбигүл Егізованы карантин режимін бұзды деп айыптауда. Оған шенеунік жарының шектеу шаралары енгізілген кезде сұлулық салонына барғаны себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/nurbigul_hanym/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nurbigul_hanym/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрбигүл Оразова Instagram парақшасында сұлулық салонына барып, шашын бояғанын көпшілікке жария етемін деп басы бәлеге қалды.

Желі қолданушылары Қайсағалиевтің келіншегіне карантин режимін бұзғанын жарыса бетіне басып, оны жазалауды талап етуде.

Әкім орынбасарының жары өзін аясусыз сынап тастаған көпшілікке жауап берді. Егізова әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырып, кейіннен оны өшіріп тастаған.

"Кейде менен айтарлықтай жасы үлкен әйелдердің қылығы мені қатты таңғалдырады. Өздерін бәрінен ақылды көрген олар ойына келгенді жазып жатады. Бұл әрекетімен неге қол жеткізгісі келеді?

Иә, адамның көңіліне қаяу түсірдіңдер. Иә, жылаттыңдар. Бұдан кейін мен жақсы болып кетеді деп ойлайсыздар ма? Біреуге ор қазбас бұрын алдымен өзің туралы ойлау керек.

Бақытты адам мұндай нәрселермен айналыспайды. Оның үстіне аяғы ауыр келіншекті ренжіткен оңбас. Бәрі Алланың қолында. Уақыт келеді" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынбек Қайсағалиев Орал қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Ол ТКШ, сәулет өнер мен құрылыс мәселелерімен айналысқан. Оған қоса, ол БҚО-дағы құрылыс басқармасының жетекшісі болды. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың шілде айында тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854213-karantin-rezimin-bzgan-elorda-kimi-orynbasaryny-zary-synga-syrady/