Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сингапур ғалымдары Қазақстанда эпидемия аяқталатын күнді жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Әлем бойынша COVID-19 эпидемиясының аяқталатын уақытын болжаған ғалымдар Қазақстанға қатысты мәліметтерін өзгертіп тастады. Бұл жолы шығарған болжамдарына олар біздің елді мүлдем қоспаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Болжамның авторлары - Сингапурдағы технологиялар, дизайн және MIT университетінің ғалымдары.

Олар өз анализдерінде математикалық SIR-модельді қолданған. Мамандар оның ішіне коронавирус жұқтырғандарды, одан емделіп шыққандарды, инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарды және түрлі уақытта адамдар арасындағы байланыс жиілігін қосқан.

Бұл мәліметтерді олар мемлекеттердегі пандемияның аяқталуына қатысты болжамды онлайн түрде көруге болатын жеке сайтта жариялады.

Ел назарына ұсынылған мәліметтер әлемдегі коронавирус жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Белгілі болғандай, ғалымдар жариялаған мәліметтер расымен өзгеріске ұшыраған. Мәселен, аталмыш сайтта өткен аптада ғана Қазақстанға қатысты болжам болса, енді ол жоқ болып кеткен.

Ал жалпы пандемияның аяқталу мерзімін олар осы жылдың бірінші желтоқсанынан 14-іне жылжытып тастаған.

Бір апта бұрын шыққан болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы эпидемия 28 шілде күні аяқталу керек болған. Қазіргі таңда, біздің елге қатысты болжам мүлдем жоқ. Авторлар өз кезегінде бұған дейін болған мәліметтерге емес, жаңадан шыққан деректерге сүйенуге кеңес берді.

Бұл дегеніміз бұрынғы мәліметтер Қазақстан үшін қазір маңызын жоғалтқанын білдіреді.

Мамандардың болжамы бірқатар елдерге қатысты өзгерген. Мәселен, Ресейде эпидемия алдымен 20 шілде аяқталуы тиіс болса, енді сайтта 17 тамыз күні көрсетілген.

Ғалымдар жарияланған болжамдардың нақты болмай шығуы да мүмкін екенін айтты. Олардың сөзінше, бұл есептер "білім және зерттеу мақсаттарына" қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854474-singapur-galymdary-kazakstanda-epidemia-aaktalatyn-kndi-zokka-sygardy/