Маңғыстау облысында нәресте өлі күйінде табылды: Оқиғаның мән-жайы анықталды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында шетінеген сәбидің анасы іздестірілуде. Безбүйрек әйел жаңа туған нәрестесін пакетке салып, бір үйдің алдына тастап кеткен. Бөбекті қалдырған кезде не тірі, не өлі болғанын полиция тексеріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сұмдық оқиға Атамекен ауылында орын алды.
Телеарна мәліметінше, кешкі сағат бестер шамасында жұмыстан қайтқан ер адам көрші үйдің есік алдында жатқан пакетке көзі түскен.
Ол целлофан дорбадан сәбидің қолы шығып жатқанын айтады. Ал жанында айналшықтап ит үріп жүрген.
Жергілікті тұрғын итті қуып жіберіп, оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырады.
Ер адамның айтуынша, пакеттен шығарғанда нәресте өлі болған. Сәби айы-күні жетіп туғанға ұқсайды. Шашы бар және салмағы да едәуір болған.
Атамекен ауылының тұрғындары бұл оқиғадан шошынып қалғандарын жеткізді. Олар бөбекті сырттан келген біреу тастап кетті деп болжайтындарын жасырған жоқ. Себебі, бұл маңайда соңғы айларда "жүкті әйелді көрмедік" деп отыр.
"Целлофан пакеттің сыртынан нәрестенің қолы шығып жатыр екен. Ол кісі көлігінен түсіп, үрейленіп, пакетті алған. Содан полиция шақырып, олар келіп тексерді. Үй-үйге кіріп шықты. Бір құдай біледі. Қатыгез ана болып тұр ғой. Іштен шыққан баласын қалай тастап кеткен?! Обал ғой", - деді Атамекен ауылының тұрғыны Гүлсім Ибрагимова.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Еске сала кетсек, осыған дейін Маңғыстау облыстық полиция департаменті Атамекен ауылынан жаңа туған нәрестенің денесі табылғанын хабарлаған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854587-magystau-oblysynda-nreste-li-kjinde-tabyldy-okigany-mn-zajy-anyktaldy/