Іштегі майды кетіру үшін не істеу керек: Диетолог үздік бес тәсілді атады
Жарияланған күні:
Жаз мезгілі жақындаған сайын қыз-келіншектер артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Кейбірі жаттығуға мән берсе, енді бірі арықтататын дәрілердің көмегіне сүйеніп әуре. Нәзік жандылардың басым бөлігі іштегі артық маймен алысатыны жасырын емес. Іштегі майды қалай кетіруге болады? Бұл сұраққа Instagram желісіндегі танымал диетолог Нұрила Азизқызы жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Маған хабарласатын қыздардың көпшілігі іштегі майды кетірудің жолдарын сұрайды. Жылдар бойы жиналған майдан әп-сәтте арылу оңай емес. Бірақ дұрыс тамақтану арқылы кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Ұмытпаңыздар, дұрыс тамақтану керек!
Мысалы, босанғаннан кейін әйелдер іште артық майдың жиналғанын байқайды. "Ішімде бес айлық бала бар сияқты, қампайып тұрады" деп жазатындар көп", - дейді Нұрила.
Төменде диетолог ұсынған артық майдан арылу жолдарын көрсетіп отырмыз:
1. Таза су ішу.
Адам күніне өз мөлшеріне сай су ішу қажет. Әсіресе, таңғы ас алдында бір шыны су ішкен аса пайдалы. Ал тамақтанғаннан кейін су ішу – іште артық майдың пайда болуына сеп болады. Өзіңізге қажетті су мөлшерін есептеу үшін төмендегі формуланы жаттап алыңыз.
Мәселен, өз салмағыңызды 30-ға көбейтесіз. Егер 60 келі тартсаңыз оның 30-ға көбейткенде 1800 шығады. Демек, сіздің бір күнде ішетін су мөлшеріңіз 1, 800 литр. Бұлардың қатарына шай мен компот және өзге де сусындар енбейді.
2. Дұрыс тамақтану.
Ішке май жинап алғыңыз келсе, дұрыс тамақтанбай жүру жеткілікті. Сол үшін ас мәзіріңізді өзгертіңіз. Көмірсулар, ашытқы мен нан-тоқаш өнімдері іштегі майдың көбеюіне әсер етеді. Сондықтан да, мұндай тағамдардан 1 аптадан бастап бір айға дейін бас тартқан жөн.
3. Массаж жасау.
Ішіңізге күніне 10 минут массаж жасаңыз.Желіде іштегі майды кетіруге арналған массаждың неше түрін табуға болады. Өзіңізге ыңғайлысын таңдап алған дұрыс.
4. Жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысу.
Дұрыс тамақтанумен бірге дене қимылымен де айналыссаңыз, сізде міндетте түрде нәтиже болады. Іштегі майды кетіруге арналған жаттығудың түрі көп. Ең тиімдісі – вакуум және планка.
5. Бүкірейіп жүрмеу.
Бүкірейіп жүретін адамдардың арқа омыртқасы мен сүйектері зақымданып қана қоймай, ішіне май да жиналады екен. Сондықтан, денені тік ұстап жүру керек. Тіпті, тамақтанғанда да бүкіреймей тамақтанған дұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854795-istegi-majdy-ketiru-sin-ne-isteu-kerek-dietolog-zdik-bes-tsildi-atady/