Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ер адам туған күнін тойлап жатқан көршісінің ауласына граната лақтырған

Жарияланған күні:

Ресейдегі Ставрополь аймағында отбасылық мерекені тойлау жарылыспен аяқталды. Көршілердің арасында туындаған кикілжіңнің соңында олардың бірі тұрғын үйдің ауласына граната лақтырған. Салдарынан 10-нан аса адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии
Фото: Mash telegram арнасы: UGC

Туған күнде орын алған келеңсіз жайт туралы ресейлік "Интерфакс" басылымына дереккөз хабарланған, кейін бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растаған.

Басылымның мәліметінше, оқиға 10 мамыр, жексенбі күні болған.

Көршілерінің бірі тұрғын үйдің ауласына жарылғыш зат лақтырған кезде шамамен 20 адам туған күн тойлап жатқан болатын.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, бұл әрекеттің себебі реніш болған. Ер адам туған күн мерекесіне шақырту алмағанына ренжіп, осылайша кек алуға шешім қабылдаған.

Полиция күдіктіні қолға түсірді. Оған жалпыға қауіпті тәсіл арқылы екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар басылымға оқиға болған аудан әкімшілігінде 15 адам жарақат алғаны хабарланған, алайда құқық қорғау органдарының мәліметінше, әртүрлі деңгейдегі жарақат алған адам саны 11.

иииии
Фото: Mash telegram арнасы: UGC

Жергілікті денсаулық сақтау органдары хабарлағандай, жеті адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Тағы бес адамға медициналық көмек көрсетілген, бірақ олар ауруханаға жатқызылмаған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін бүгін түнде Мәскеу маңында орналасқан жеке хосписте өрт шығып, 9 адамның қайтыс болғаны хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855107-er-adam-tugan-kn-tojlagan-krsisini-aulasyna-granata-laktyrgan/