Балтамен ұрған: Күйеуінен жәбір көрген медбикенің қазіргі жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында өз күйеуі "балталап" тастаған емхана медбикесінің қазіргі жағдайы белгілі болды. 46 жастағы әйел жантүршігерлік оқиғадан кейін жансақтау бөліміне түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда науқас әйел қанағаттанарлық жағдайда жатыр. Оны травматология бөліміне көшірген.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен медбикенің сансыз жарақат алғанын мәлімдеді. Анықталғандай, оның бір көзі көрмей қалған.
Одан бөлек, келіншек психологиялық тұрғыдан да зардап шеккен. Қазіргі таңда, дәрігерлер оның денсаулығы мен жағдайын жіті бақылап, ем үшін қажетті шараларды қолдануда.
Еске сала кетейік, бұл жантүршігерлік оқиға күллі Қазақстан жұртшылығын дүрсілкіндірген болатын. Келес ауданы, Абай ауылында күйеуі өз әйелін көшеде кетіп бара жатқан жерінде балтамен ұрған. Аса ауыр жарақт алған келіншек бірден ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті.
Жолдасымен 15 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған келіншек ұзақ уақыт бойы одан жәбір көріп келгенін айтты. Алайда, адамшошырлық оқиға алдында ол қыздарымен бөлек көшіп кеткен.
Бұл жайт отағасының ашуына тиіп, ол әйеліне көшеде шабуылдаған. Медбикені куәгерлер құтқарып қалды. Ол көп қан жоғалтты. Ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі таңда, "Қастандық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855475-baltamen-rgan-kjeuinen-zbir-krgen-medbikeni-kazirgi-zagdajy-belgili-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 2
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Кошеге биреу шыкса бирдене айтса сразу соттайды не психушкага тыгады ал бундайларга тиспеид айел тагдыры барибир
Гулбаршын
тт
Гулбаршын