Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді

Жарияланған күні:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ: Original
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын.

Алайда жәрдемақы мөлшері жеті баламен шектеліп қалған еді.

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Яғни, сегіз және одан көп баласы барлар да 74 388 теңге алып жүрді. Осыдан кейін аналар мұның әділетсіз екенін айтып шағымданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда 8-ден 15-ке дейін балалары бар 2 451 отбасы тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855645-prezident-ana-men-balany-korgau-mseleleri-bojynsa-zaga-zgerister-engizdi/