Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5-10-20" бағдарламасының шарттары: Баспанаға кімдер ие бола алады

Жарияланған күні:

Қазақстанда 5-10-20 тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, оның аясында еліміздің тұрғындары тиімді шарттармен баспана сатып ала алады. Осы орайда Нурфин журналистері аталған жобаға кімдердің қатыса алатынын анықтап көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баспана алу үшін жаңа "5-10-20" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді.

"5-10-20" бағдарламасы 20 жыл мерзімге 10% бастапқы жарнамен 5%-дық несие беруді қарастырады. Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар президент министрлер кабинетіне арнайы бағдарламалар бойынша баспана мәселесімен айналысатын "Отбасы банкін" құруды тапсырды.

Бұл туралы толық ақпаратты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басшысы Лаззат Ибрагимова Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Ол мемлекет басшысы 11 мамырда "5-10-20" деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын, жобаны алдағы жарты жылдықта жүзеге асыруға тырысатындарын білдірді.

Банк басшының мәліметінше, жергілікті атқарушы органдарда жарты миллионнан астам астам адам кезекте тұр. Олар:

  • мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері – 212,5 мың адам;
  • толық емес отбасылар – 120,5 мың адам;
  • жетім балалар – 60,8 мың адам;
  • 1 және 2-топтағы мүгедектер – 43,5 мың адам;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 21,1 мың адам;
  • зейнеткерлер – 18 мың адам;
  • басқа санаттар – 16 мың адам.

Ол "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" бағдарламасы аясында баспананы алдымен кімдер алатынын жеткізді.

  • Біріншіден, үй кезегінде тұрғандар ілінеді.
  • Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандары.
  • Үшіншіден, толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар.

Ибрагимованың мәліметінше, қазіргі уақытта жобаның шарттары талқыланып жатыр және бірқатар параметрлер ұсынылуда.

Жеке құрылыс салушылардың алғашқы тұрғын үйі бойынша қарыздың ең жоғары сомасы ел аймағына байланысты айқындалмақ:

  • Нұр-Сұлтан мен Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 миллион теңгеден аспайды;  
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 миллион теңгеден аспайды;
  • басқа аймақтар үшін 12 миллион теңгеден аспайды.

Банк басшысының айтуынша, "5-10-20" бағдарламасының шарттары мен өзге де параметрлері алдағы екі аптада қабылдануы тиіс. Десе де оның негізгі шарттары төменгідей болатынын еске салды:  

  • Азаматтың өзінің басында баспана болмауы керек.
  • Азамат баспана кезегінде тұруы шарт;
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитіңізде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы тиіс;  
  • Тұтынушының несие алған мерзімінде берешек 5 пайыз үстемақымен өтеледі;
  • Қарызды қайтару уақыты 20 жылға дейін есептеледі;

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855684-5-10-20-bagdarlamasyny-sarttary-baspanaga-kimder-ie-bola-alady/