Өскеменде еске алу қонақасына барған әйел 6 адамға COVID-19 жұқтырған
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында марқұмды еске алу қонақасына барған тұрғыннан COVID-19 анықталды. Белгілі болғандай, ол тағы 6 адамға қауіпті вирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, еске алу қонақасы мамыр айының соңында Өскемен қаласында өткен. Ауыл тұрғыны отбасылық шараға күйеуімен бірге барыпты.
Бұл күні оның 18 адаммен байланыста болғандығы туралы хабарланды.
Келіншекте коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері 4 күннен кейін, 3 маусымда ғана пайда болыпты. Оның дене қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезінген.
ПТР тест әйелде коронавирус бар екенін растады. Осыдан кейін, қонақасыда әйелмен жақын байланыста болған тағы алты адамда COVID-19 инфекциясы расталды.
Бұл жағдайда бір адам ғана ауруханаға жатқызылған. Ауру жұқтырғандардың қалған бөлігінің дерті алғашқы белгілерсіз болып шыққан.
Дәрігерлер індет жұқтырған адамдармен байланыста болған тағы да отыз шақты адамды анықтады. Олардың барлығына үй карантинін сақтау қажет екендігі туралы ескертілген.
Ақпараттық орталық сонымен қатар полиция карантиннің сақталуын қадағалайтынын хабарлады.
Шығыс Қазақстанның бас санитар дәрігері облыс тұрғындарына карантин кезінде отбасылық шараларды өткізуге жол берілмейтінін ескертті. Бұл жағдайда, оның айтуынша, 7 адамға ауру жұқтырудың себебі – өз денсаулығына немқұрайлы қарау.
Еске сала кетсек, елімізде тағы 313 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 14 809-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860346-skemende-eske-alu-konakasyna-bargan-jel-6-adamga-covid-19-zktyrgan/