Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ADK сауда орталығы маңындағы өрттің мән-жайы белгілі болды (фото, видео)

Опубликовано:

2020 жылғы 16 маусым күні кешке Алматыдағы ADK сауда ойын-сауық кешені маңында өрт шықты. Біздің тілшілеріміз оқиға орнынан фото және видеоматериалдар жинап, төтенше жағдайдың мән-жайын біліп қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Өрттің сауда орталығы аумағынан емес, оның артындағы кәсіпорын ғимаратынан шыққаны белгілі болды.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Астана уақытымен сағат 19.36-да өрт тоқтатылды. Ал 19.45-те тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC
"101 қызметіне ADK сауда ойын-сауық кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлар шамамен 18.45-те келе бастады. Сауда орталығындағы барлық келушілер өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін эвакуацияланды.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC
Түтіннің қайдан шығып жатқанын бірден түсінбедік. Ақыры өрттің сауда орталығының артындағы кәсіпорын аумағында тұтанғаны анықталды. Онда әлдебір жол төсемдерінің өндірісі жұмыс істеп тұрған. Кәсіпорында пресстеу құрылғылары болған, солардың бірі өртенді. Өрт сөндірілгеннен кейін анықтағанымыздай, бір мердігер ұйым шудан оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан кезде жанғыш жылытқыш өртеніп кеткен.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі сәтте қауіптің беті қайтарылды", – деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Серік Әубәкіров.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1860694-adk-sauda-ortalygy-mayndagy-rtti-mn-zajy-belgili-boldy-foto-video/

pixel