Өзбекстанда тойдан кейін барлық 250 мейман карантинге жіберілді
Жарияланған күні:
Өзбекстанның оңтүстік- шығысындағы Сурхандария облысы Музрабад ауданы тұрғындары 250 адамға той өткізген. Салтанатты кештен кейін барлық мейман карантинге жіберілген деп жазады KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.
250-ден аса адам карантинге жіберілген Музрабад ауданындағы той осы тектес жалғыз іс-шара емес.
Облыста санитарлық нормаларды сақтамай, салтанатты рәсімдер мен той өткізетін халық көп. Оларға қатысқан азаматтар бүгінде карантинде жатыр деп хабарлайды облыс әкімшілігі.
Одан бөлек, карантин ережелерін сақтамауына байланысты өңірлік ұйымдардың бірінде 300 азамат карантинге алынған. Ведомствода азаматтардың дене қызуын тексермеген және антисептик пен медициналық маскалар пайдаланбаған.
Нәтижесінде Ташкенттен оралған қызметкер 9 адамға вирус жұқтырған, тағы бірнеше адамда COVID-19 болуы мүмкін.
16 маусымнан бастап Сурхандарьин облысының билігі өңірдің әкімшілік орталығы - Термез қаласына уақытша кіріп-шығуға тыйым салған.
"Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Термез қаласындағы, Денау, Музрабад, Шунчинск, Кумкурган және Байсун аудандарында карантин шараларын күшейтуге мәжбүрміз", - дейді Сурхандарьин облысының басшысы Тура Боболов.
Оның ақпарынша, облыста карантинде 4118 адам жатыр. Олардың 298-і медициналық мекемеге, 678-і арнайы ғимараттар мен санаторийлерде, 3142- сі үйде.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде коронавирус пандемиясына қарамастан дүбірлеп өткен ұлан-асыр тойдың видеосы тарап кеткен еді. Карантин талаптарын бұзған айтулы шара Түркістан облысында болған.
Үй ауласында ұйымдастырылған қуанышқа 200-300-ге жуық адам шақырылса керек. Олардың арасында белгілі әзілкеш әрі асаба Нұржан Төлендиев те бар болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860945-zbekstanda-tojdan-kejin-barlyk-250-mejman-karantinge-ziberildi/