Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Банк Хоум Кредит" барлық клиенті 2 млн теңгеге дейінгі несиені онлайн түрде ала алады

Жарияланған күні:

Бұған дейін Қазақстанда 100%-дық онлайн-несиелеудің іске қосылғанын NUR.KZ порталы бірінші болып хабарлаған болатын. Өнімінің иесі "Банк Хоум Кредит" бейілді қарыз алушыларға Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасы арқылы несие алу мүмкіндігін ұсынған еді. Бұл тұста бөлімшеге барып, әуре болудың да қажеті жоқ. Несие рәсімдеуге бар болғаны 3-5 минут кетеді.

«Хоум Кредит банкінің» барлық клиенті 2 млн теңгеге дейінгі несиені онлайн түрде ала алады
Фото: NUR.KZ: Facebook

Қаржы институтының өкілдері болашақта онлайн-қарыз алуға қосымшаның барлық пайдаланушысы қол жеткізеді деп уәде берген. Бүгінгі күні уәде орындалды. Бұдан былай «Хоум кредит банкінің» өнімдері немесе қызметін қолданатын клиенттер әлемнің кез келген нүктесінде отырып, қаражат ала алады. Ол үшін смартфон, интернет және Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасы болса, жеткілікті.

"Банк Хоум Кредит" барлық клиенті 2 млн теңгеге дейінгі несиені онлайн түрде ала алады

Айта кетерлік бір жайт, қарызды рәсімдеу жолы өзгерген жоқ:

· Клиент Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасын жүктеп, орнатады.

· Тіркеледі.

· «Несие алуға өтініш беру» бөлімін таңдайды.

· Қарыз сомасы мен мерзімін көрсетеді.

· Жеке басты тексерістен өткізеді.

· Қосымша арқылы тегін түрде электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) жасап шығарады.

· Осы электронды қолтаңба арқылы несие құжаттарына қол қояды.

· Ақшаны алады.

Рәсімдеу 3-5 минут уақытты алады. Несие беру шарттары да өзгерді:

· Несие сомасы 2 000 000 теңгеге дейін артты.

· Сыйақы мөлшерлемесі – 22%-дан жоғары.

· Несие мерзімі – 5 жылға дейін.

· Қарыз алушы жасы – 23 жастан жоғары.

· Кепілсіз, комиссиясыз, кепілгерсіз.

Еске салсақ, банктің көптеген қызметін бөлімшеге бармай-ақ алуға болады. Коронавирус пандемиясы кезінде онлайн-несиелендіруден бөлек, Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасы арқылы депозиттер мен депозиттік сертификаттарды онлайн ашу, Home Card рәсімдеу және жеткізу, валюта айырбасы, сонымен бірге ҚР кез келген банк картасына тегін аударымдар секілді қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған.

Онлайн-несиелеуге қол жеткізу үшін Home Credit Bank Kazakhstan соңғы нұсқасын орнату қажет.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861536-bank-houm-kredit-barlyk-klienti-2-mln-tegege-dejingi-nesieni-onlajn-trde-ala-alady/