Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел екі қыз бен кішкентай сәбиді қағып кетті

Жарияланған күні:

Елордадағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алды: Келіншек мас күйінде рөлге отырып, екі адам мен бір кішкентай баланы қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Cұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде екі ересек пен бір кішкентай баланы қағып кеткен
Фото: instagram.com/astana.times: UGC

Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің хабарлауынша, 2020 жылдың 22 маусымында кешкі уақытта жеңіл көлік үш жаяу жүргіншіні қаққан, олардың арасында 2018 жылы туған бір кішкентай бала мен 2001 және 2002 жылы туған екі тұрғын болған.

Оқиға орын алған кезде Mazda көлігі Бейшековтен Қосшығұлұлы көшесінің бойымен келе жатқандығы белгілі болды. Бір уақытта көлік қарама-қарсы жолаққа шығып, тротуарда ттұрған үш адамды қағып кетті.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарын алған. Абырой болғанда олардың барлығы тірі. Келіп жеткен дәрігерлер үшеуін де ауруханаға жеткізуге шешім қабылдады.

Сол жерде жұмыс істеген тәртіп сақшылары Mazda жүргізушісінің қандағы алкоголь деңгейі алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейіне сәйкес келетінін анықтады.

Әйел адам ұсталып, елордалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Құқық қорғау органдары оған қатысты ҚР ҚК 345 бабы - жол немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, зардап шеккендер 2001 және 2002 жылғы қыздар болып шыққан.

Куәгердің айтуынша, олар басқа жолаушылармен бірге екі жасар баланы көліктің астынан шығарып алған. Содан кейін қыздар өздерінің әпкелі-сіңлі екенін айтты.

Белгілі болғандай, қыздардың бірінің жағдайы ауыр болған, алайда жақын маңда тұратын дәрігер оған алғашқы көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861671-nr-sltanda-mas-kjde-klik-ajdagan-jel-eki-kyz-ben-kiskentaj-sbidi-kagyp-ketti/