Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР тест арқылы коронавирус жұқтырып алу мүмкін бе

Жарияланған күні:

Алматы қаласының әкімдігі коронавирусты анықтауға арналған тест кезінде вирус жұғу қаупі жайлы желіде тараған қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан Алматыда орын алған, ауру жұғыпты-мыс деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Коронавирус инфекциясына тест тапсыру кезінде тек сертификатталған реагенттер пайдаланылады. Коронавирусты диагностикалау мәселесі ерекше бақылауға алынған. Біз провокация мен алып-қашпа әңгімелердің соңында кетпей, ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз", — деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Әкімдіктің ақпарынша, қазіргі уақытта Алматы қаласында COVID-19-ды анықтау тестін жүргізетін 7 зертхана (Ұлттық сараптама орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, Medical Partners Korea Clinic қазақстандық-корейлік клиникасы, "Олимп" КДЗ, "Атакент" ҚІҚО аумағындағы модульді кешен) қызмет етіп жатыр.

Сараптама тапсырудың барлық пункттерінде осы бағыттағы жұмыстарды реттейтін санитарлық ережелердің талаптары сақталады, қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздікті қатаң сақтануы барлық жүргізілетін процедураның кепілі болып табылады.

Өз кезегінде, тест жүргізу үшін пайдаланылатын реагенттер тексерудің барлық кезеңдерінен өткен, соның нәтижесі бойынша, жұмыста оны тек ҚР-да ғана емес, бүкіл әлім бойынша қолдануға рұқсат етілген. Анализ стерильді, бір реттік материалмен (зондтармен) жасалады, олар пайдаланылғаннан кейін белгіленген ережелер сәйкес пайдаға (кәдеге) асырылады. Қайтадан пайдалануға жол берілмейді.

"ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, референс-зертханалардың мамандарымен жасалып жатқан зерттеулердің мониторингтік бақылауы (визиты) жүргізілуде.

Комиссия өз тарапынан COVID-19-ға тексеру бойынша халыққа қызмет көрсететін жекеменшік зертханалардың басшыларын карантинді күшейту кезіндегі шараларды ұйымдастыру мен бақылау туралы: маска тағу, кезекте әлеуметтік қашықтық сақтау, науқастардың алдын ала жазылуы, зерттеу жүргізу үшін қан тапсыру көлемін бөлуді қосымша ескертеді", - деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861853-ptr-test-arkyly-koronavirus-zktyryp-alu-mmkin-be/