Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңымнан қалар емес": Ару әпкесінің сүйіктісі жайлы сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Есімі жасырын болып қалған ару Лаура есімді әпкесінің сүйіктісі жайлы шер тарқатты. Бойжеткеннің сөзінше, "болашақ жездем" деп жүрген жігіт оған жасырын түрде хабарламалар жіберіп, оның әр басқан қадамын аңдыйды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Сырласу" сайтына сілтеме жасап.

"Соңымнан қалар емес": Әпкесінің сүйіктісі жайлы айтқан ару сырын ақтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Бірнеше ай бұрын өзімнен екі жас үлкен әпкем Лаура университетте Шерхан есімді жігітпен танысқанын айтты. Әпкем өзі сұлу, ақылды. Жігіттер үнемі оны айналшықтап, қыр соңынан қалмайтын. Сол себепті Шерханды сол мың жігіттің бірі деп ойлап, әпкемнің сөзіне еш мән бермедім.
Алайда көп ұзамай Лаураның Шерханды шынайы ұнатып қалғанын сездім. Себебі ешқашан оның еркек атаулыға өзі бірінші хабарласып, іздегенін көрген емеспін", - дейді ару.

Бойжеткеннің сөзінше, әпкесі төрт айдан соң кездесіп жүрген жігітін ата-анасымен таныстыру үшін үйіне ертіп әкелген.

"Шерхан бір қарағанда жүзі жылы, сыпайы жігіт, өзі  орайы келген жерде сөздің түбін де түсіреді екен. Бір сөзбен ата-анама да маған да болашақ жездем ұнады.
Үйдегі таныстығымыздан кейін болашақ жездем менің көңілімді аулап, отбасымымызға етене жақын болуға тырысты. Лаураны серуендеуге алып кетерде мені де қоса көлігіне салып алатын. Алайда соңғы күндері әпкеме айтпай, маған жеке хабарламалар жіберетінін байқап жүрмін", - дейді ол.

Автордың сөзінше, ер жігіт болашақ балдызымен сөйлесіп жүргенін сүйіктісіне айтпаған. Ол, тіпті, арудың әр басқан қадамын аңдып отыратын сыңайлы.

"Әуелде оған аса назар аудармай, мені жақсырақ танығысы келген болар деп ойладым. Десе де, әңгімемеміз тек екеуіміздің төңірегімізде өрбиді. Менен бір ауыз Лаура туралы сұраған емес. Менің не істеп не қойғанымды, қайда және кіммен барғанымды сұрай береді. Өзім болашақ жездемнің бұл әрекетінен сескенемін, тіпті, Лаураның алдында ұялып кетемін, - дейді ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863038-soymnan-kalar-emes-pkesini-sjiktisi-zajly-ajtkan-aru-syryn-aktardy/