Өткен тәулікте елімізде екі мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1962 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 53 021-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен тәулікте 1962 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1209 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша (жалып/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65
Алматы қаласы - 177 / 46
Шымкент қаласы - 61 / 25
Ақмола облысы - 35 / 27
Ақтөбе облысы - 89 / 38
Алматы облысы - 81 / 56
Атырау облысы - 658 / 532
Шығыс Қазақстан облысы - 113 / 43
Жамбыл облысы - 57 / 47
Батыс Қазақстан облысы - 91 / 34
Қарағанды облысы - 150 / 108
Қостанай облысы - 111 / 71
Қызылорда облысы - 28 / 20
Маңғыстау облысы - 70 / 53
Павлодар облысы - 57 / 26
Солтүстік Қазақстан облысы - 36 / 7
Түркістан облысы - 28 / 11
Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.
Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864054-53-mynan-asty-tken-tulikte-elimizde-koronavirus-eki-myga-zuyk-adamnan-anyktaldy/