Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға қытайлық парацетамол жеткізілген: полиция тергеу жүргізуде (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астанадағы дүкендердің бірінде дәрі-дәрмектер жасырын сатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: UGC

Тәртіп сақшылары Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адамды ұстады.

Бұған дейін Алматы полиция департаментінде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтерудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылғанды мәлім болды.

"Үш күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды.
Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адамды ұстады.

Дүкеннің қызметтің бұл түріне лицензиясы болмаған. Тергеу барысында аталған мекемеде әртүрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда пандемия кезінде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты қымбаттағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1864382-almatyga-kytajlyk-paracetamol-zetkizilgen-policia-tergeu-zrgizude-video/

pixel