Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Ерхат Есқалиев Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация " ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "СҚ-Фармация" жаңа төрағасының алдына еліміздегі медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмек препараттарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық қамтамасыз етуге қатысты маңызды міндеттер қойды. Бұл жұмыс ашық және жүйелі жүргізілуі тиіс",– деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "СҚ-Фармация" ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында.
Ерхат Серікұлы 1976 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Югославиядағы ағайынды Карич университетінің Банк ісі және сауда академиясын Банк ісі экономисі мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Заңтану Академиясы – "Әділет" Жоғары құқық мектебінде заңгер дипломын алды, 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын, корпоративтік менеджментті бітірді. Білімін түрлі шетелдік оқу орындарында жалғастырды. Э.ғ.к. іскерлік әкімшілік докторы.
Еңбек жолын (1998) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Инвестициялық институттармен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары Атырау облысы экономика басқармасы бастығының орынбасары (1999), ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Қаржы департаментінің директоры (2002), "ҚДБ-Лизинг" АҚ басқарма төрағасы (2006), Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі (2009) лауазымдарын атқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Атамекен" ҰКП Көліктік логистика комитетіне қарасты комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Еске сала кетсек, Болат Төкежанов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864528-erhat-eskaliev-sk-farmacia-zss-baskarma-tragasy-bolyp-tagajyndaldy/