Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дайын емхананы жабық ұстау – қылмыс": Депутат ӘМСҚ жұмысына нарзылық білдірді

Жарияланған күні:

Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова коронавирустың өршу кезеңінде мемлекет жекеменшік ауруханалардың халыққа тегін қызмет көрсетуіне мүмкіндік бермей отырғанын айтып, наразылық білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дайын емхананы жабық ұстау – қылмыс": Депутат ӘМСҚ жұмысына нарзылық білдірді
Ирина Смирнова. Фото: parlam.kz: UGC

Мәжіліс депутатының айтуынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматыдағы филиалы келісім жасамай отыр. Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында жазды.

Смирнованың дерегіне сәйкес, жеке ауруханаларда науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Бұл заманауи құрал-жабдықтар, медициналық қызметкерлер құрамы, арнайы желдеткіштері бар бөлімдер, жансақтау бөлімі және жетілдірілген хирургия бөлімшелері.

Депутат отандық дәрігерлерге пандемиямен күресте көмектесуге жекеменшік ауруханалардың өздері ниет білдіріп отырғандығын баса айтты.

Коронавирус жұқтырғандар саны 65 мың адамнан асқан елдегі осындай күрделі эпидемиологиялық жағдайда аталған емханаларға жұмыс істеуге рұқсат бермеу қылмыс болып табылатынын да аатап өтті.

Ол жекеменшік мекеме иелерінде барлық қажетті лицензиялардың бар екенін жеткізді, бірақ соған қарамастан, Әлеуметтік сақтандыру қоры келісімшартқа қол қоюды кешіктіріп жатқан көрінеді.

Сонымен бірге, депутат атап өткендей, денсаулық сақтау министрі мен Алматы қаласының әкімі қор басшылығына қоңырау шалған. Алайда бұл еш нәтиже бермепті.

"Қазіргі уақытта дайын емханаларды жабық ұстау – қылмыс",– деп жазды депутат.

Ирина Смирнова Бақытжан Сағынтаевтан Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысына қатысты қызметтік сәйкестігі туралы мәселені қарастыруды сұрады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865193-dajyn-emhanany-zabyk-stau---kylmys-deputat-msk-zmysyna-narzylyk-bildirdi/